Сенесіз бе? Гитлер туризмнің дамуына МОЛ үлес қосқан

0
3 454

Әлемде біз білмейтін ақпарат жетерлік.


Сенесіз бе? Гитлер туризмнің дамуына МОЛ үлес қосқан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Аамдар саяхаттағанды ұнатады. Бірақ, барлығы бірдей осы сала жайлы қызықты ақпараттарды біле бермейді. Сондықтан сол мәліметтердің біразын назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

1. Ең қауіпті әрі қызықты турлардың бірі – Чернобыльға сапар. Атом электр станциясы жарылып, адам тұруға тыйым салынған аумақ әлемнің кез-келген бұрышында кездеспейтін жануарлар мен өсімдіктерге толы.


2. Ғарыштық туризм – әлемдегі ең қымбат туристік бағыт болып саналады. Мұндай саяхат үшін шамамен 20 миллион доллар төлеу қажет болады.


3. Таиланд «Вьетнам соғысының» арқасында танымал туристік елге айналған.


4. Шамамен жүз жыл бұрын саяхаттауға тек бай адамдардың ғана шамасы жеткен.


5. Адольф Гитлердің туризмді дамытуға қамқорлық жасағанын көп адам біле бермейді. Бұл таңқаларлық ақпарат шығар, бірақ ол жайлы демалыс орындарын құрудың бастамашысы болған. Ол «жақсы демалған адамдар нәтижелі жұмыс істей алады» деген пікір білдірген.


6. Сауд Арабиясы – ешқандай өзені жоқ өте қызықты ел. Тіпті, Фолкленд деген аралындағы қой саны адамдар санынан 200 есе көп екен.


7. Швейцария әлемдегі ең көп шоколад жейтін ел. Ол елдің әр тұрғыны жалана шамамен 10 келіден аса шоколад тұтынады екен.


8. Ал экстремалды, экзотикалық және жанартаулы демалысты жақсы көретіндер үшін Индонезия таптырмас ел. Онда 130-ға жуық жанартау бар. Әр минут сайын олардың біреуі атқылауы мүмкін болады екен.


9. Туристік гидтер мен Парфенонның жергілікті тұрғындары түнде мәрмәр тастарды талқандап, бөлшектеп алады екен. Бұл кәдесыйға құмар адамдардың көптігімен байланыстырылады.


10. Жаңа Гвинеядағы Папуаның жергілікті тұрғындарын түсіну өте қиын. Бүкіл ел бойынша 500-ге жуық тіл мен диалекті бар. Мұндай тілдік әртүрліліктің басты себебі – табиғи жағдайлар, яғни аумақтарды көптеген таулар бөліп тұрады.


11. Туристер Вьетнамнан ерекше шарап сатып ала алады. Ол күріш және жылан қосып тұндырылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оның емдік қасиеті мол болады.


12. Әлемдегі ең биік ғимараттарды, ең биік және ең қымбат қонақ үйлерді көргісі келетін саяхатшылар Дубайға барғаны жөн.


13. Нағыз отты тауды көргісі келетіндер Түркіменстанға баруы керек. Бұл жерде үнемі жанып тұратын кратер бар. Диаметрі шамамен 70 метрді құратын отты тау 40 жылдан бері жанып тұр.


14. Егер туристің төлқұжатында Израиль визасы болса, ол бірқатар араб елдеріне өте алмайды.


15. Австрияның туристер көп келетін жерлерінде «бұл елде кенгуру жоқ» деген ескертулер ілініп тұрады. Бұл көптеген туристердің осы еуропалық елді Австралиямен шатастыруының әсерінен қажет болған.


16. Парижге барған жапондардың көпшілігі стресс немесе психикалық ауытқуға тап ұшырайды екен.


17. Жаңа Зеландияда туристерге хайуанаттар бағының ішіне кіруге мүмкіндік беріледі. Келушілер 80 гектар аумақта орналасқан баққа кіріп, аңдардың қасында жүре алады. Мұндай мүмкіндік экстремалды демалысты қалайтындарға ұнайтыны анық.


18. Әлемдегі ең ерекше қонақ үйлердің қатарына ескі үйлер түрінде, орманның түкпірінде және толығымен шарап бөшкелерінен жасалған ғимараттар кіреді. Мәселен, Испания әртүрлі стильде жабдықталған, ал бельгиялықтар әлемдегі ең танымал ертегілерге негізделген ерекше нөмірлерде түнеуді ұсынады.


19. Мексикадағы Экоальберто саябағы туристерге ерекше ойын-сауық бағдарламаларын ұсынатынымен танымал. Тіпті, шекараны заңсыз кесіп өту бағдарламалары да бар екен. Ол үшін тікенді сымдардан, қиындыққа толы кедергілерден, жалпы 12 шақырымды құрайтын жолмен жүріп өту керек. Ол аз десеңіз, кей жерлеріне жеткенде патрульдерден қашуға тура келеді.


20. Нью–Йорк, Марракеш, Париж және Киото гастрономиялық туризм үшін ең қолайлы қалалар деп танылған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Елестер қаласы, жылан аралы, өлім алқабы: Бұл жерге барғандардың ТІРІ ҚАЙТУЫ екіталай!


ҚЫЗЫҚТЫ әрі ҮНЕМДІ саяхат: Тәжірибелі туристерден ӨТЕ пайдалы кеңестер