Шетелдегі Сіз көруге тиісті қалалар

0
6 462

Әр адам сахаттағысы, өзге елді аралап көргісі келетіні белгілі. Егер, сондай жағдай орын алса, қай қалаға саяхаттайсыз? Осы сұраққа жауап ретінде, біз сіздерге ғажайып қалалардың тізімін ұсынбақшымыз.


Шетелдегі Сіз көруге тиісті қалалар

иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Әлемдегі саяхаттауға лайық ғажайып қалалар:


1. Каркасон (Cité de Carcassonne)

Атап айтқанда, Каркасон – Франциядағы Окситания аймағында орналасқан бекініс. Ортағасырлық қала-бекініс 3 шақырымдық Қос қабырғамен қоршалған және 53 мұнарасы бар. Оның қабырғаларын біздің дәуіріміздің үшінші ғасырында римдіктер қалаған, кейінгі ғасырларда француздардың романдық стилінде бекітілген.


2. Прага (Historic Centre of Prague)


Прага – Чехияның нағыз мәдени, тарихи орталығы. Прага әлемдегі ең әсерлі ортағасырлық қалалардың бірі болып табылады. Қалада көптеген көрнекті сәулет ескерткіштері бар. Тарихи орталық үлкен және бірнеше бөліктерден тұрады, соның ішінде ескі қала (Prague Old Town), жаңа қала (Prague New Town), Градчан, Карл көпірі, сондай-ақ Йозеф аймағы бар.


3. Нью-Йорк (Manhattan)

Нью-Йорк – АҚШ-та орналасқан әлемдегі ең танымал қала және қаланың ең тамаша тарихи ауданы – Манхэттен тарихи орталығы. Мұнда он тоғызыншы ғасырдың соңында әлемнің алғашқы биік ғимараттары салынған. Қазіргі уақытта «Эмпайт Стейт Билдинг» (биіктігі 381 м, 1931 жылы салынған), «Крайслер-билдинг» (282 м, 1930 жылы салынған) және тағы басқа ғажайып ғимараттар сақталған.


4. Сана (Old City of Sana'a)


Сана – Йемендегі көне қала. Бұл қала – Йемендік құрылыс пен сәулеттің керемет көрінісі десек те болады. Ғажайып қала б.з.б. 500 жылы қаланып басталған және қаланың көптеген ғимараттары б.з.б. 500-600 жылдар аралығында салынған. Тоғызыншы ғасырда биіктігі 14 метр болатын қабырғалар тұрғызылған, сондай-ақ ескі қалада 100-ден астам мешіттер бар.


5. Венеция (Venice)

Венеция – Италияның көрігіне көрік қосып тұр. Бұл – ғажайып өнер және сәулет құндылықтарына толы елдегі ең ерекше және әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі.


6. Гонконг (Hong Kong)

Гонконг – бұрынғы британдық колония, қазір Қытай елінің аумағындағы жеке әкімшілік аудан әрі әлемнің ең тамаша қалаларының бірі. Бүгінгі таңда Гонконг әлемдегі ең маңызды қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Онда қаржылық дамудың ең жоғары көрсеткіштері бар және әлемдік экономикада бәсекеге барынша қабілетті қалалардың қатарына кіреді.


7. Стамбул (Istanbul)

Стамбул – Түркияда орналасқан, Еуропа мен Азия арасындағы шекара өтетін қала. Онда еуропалық және мұсылман мәдениеті қатар қалыптасқан. Әлемдегі ең көне қалалардың бірі болып есептелетін қала бұрынғы христиан әлемінің орталығы – Константинополь болған. Сондай-ақ, Стамбул – әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан ірі еуропалық қалалардың бірі. Бүгінде дүиежүзі Стамбулды – әлемдегі ең танымал бесінші туристік бағыт деп санайды.


8. Вена (Vienna)


Вена – Австриядағы керемет қала. Қала – классикалық музыкамен, австриялық асханамен танысу үшін керемет орын. Сондай-ақ, қалада ең дәмді алма штрудельімен әлемге әйгілі болған Веймар дәмханасы бар. Вена қаласына барсаңыз империялық сәулетпен, австрия-барокко стиліндегі Ұлттық кітапханасымен және тамаша операсы сияқты үздік әлем жауһарларымен таныса аласыз.


9. Иерусалим (Jerusalem)

Иерусалим – Израильдегі Орта Шығыстың ең даулы қаласы. Бірақ мұндағы мешіттер мен шіркеулердің айналасында барлығы да бейбіт ғұмыр кешеді. Сондай-ақ бұл қаланың қойнауында 4000 жылдық тарихы бар иудей ескерткіштері жасырынып жатыр. Соған қарамастан, бұл таңқаларлық заманауи және жас қала.


10. Лондон (London)

Лондон – Ұлыбританияда орналасқан керемет қала. Бұрын қала Британ империясының орталығы болған, қазір мұнда әлемдік саясат қарыштап дамыған. Лондонда атақты Букингем сарайы, сиқырлы Вестминстер абаты секілді ғажайып орындар жетерлік. Сондай-ақ, мұнда барсаңыз ашық аспан астында демалып, Globe театрында Шекспир қойылымдарын тамашалай аласыз.


Әрине, әлемде ғажайыптарға толы қалалар өте көп. Бірақ біздің көзқарасымызша осылай болып отыр. Құрметті оқырман, біздің мақалаларымызды оқи жүріңіздер, өйткені бір күні Сіздің де шетелге саяхатқа шығарыңыз белгілі!


Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ