ШЫМКЕНТ: Демалыста балаларды қайда қыдыртуға болады?

0
8 166

Наурыз айында оқушылар үшін демалыс беріледі. Ал, сол күндері балаларды қайда қыдыртуға болады?


ШЫМКЕНТ: Демалыста балаларды қайда қыдыртуға болады?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тоқсан бойына сабақтан бас алмаған баласын сергітіп қайту үшін кез келген ата-ана жақын маңдағы ойын-сауық орталықтарын іздейді. Әсіресе, жаңадан ашылғандары немесе баласының қызығушылығына сәйкес келетін орындар туралы деректерді алдын ала біліп алғысы келетіні жасырын емес.

Кезекті топтамада Шымкент қаласындағы балаларды қыдыртуға болатын орындардың бірқатарымен таныстырып өтуді дұрыс көрдік.


1. Ересектер мен балаларға арналған кәсіби картинг

Трассасының ұзындығы 550 метрді құрайтын осы картинг алаңында достармен немесе отбасымен демалысты қызықты өткізуге болады. Мұнда келген адам жоғарғы қауіпсіздікпен қамтыла отырып, адреналин алып қайтады.


Бағасы: 5 минут – 1200 теңге.

Байланыс телефоны: +7 777 111 49 20


2. Батут Арена GRAVITY

«GRAVITY» — «Фиркан city» сауда ойын-сауық орталығы автотұрағының жанында орналасқан жеке, үлкен ғимарат. Бұл орында да балалардың демалысы қызықты өтетіні сөзсіз. Орталық дүйсенбіден жексенбіге дейін сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін үзіліссіз және демалыссыз келушілерді қабылдайды.Сонымен қатар, «GRAVITY» поролон шұңқыры, баскетбол ойнау алаңы, «айқас» алаңы, торлы батуттар, кафе сияқты бірнеше аймақтарға бөлінеді.


Ал бағасы:

12 жастан асқан балаларға арналған баға:

Қарапайым күндері: 30 мин –1200 тг, 1 сағат –1700 тг, 2 сағат – 2500 тг, лимитсіз – 4500 тг.

Демалыс және мереке күндері: 30 мин –1500 тг, 1 сағат – 2000 тг, 2 сағат – 3000 тг, лимитсіз – 5000 тг.

12 жасқа дейінгі балалар үшін:

Қарапайым күндері: 30 мин –1000 тг, 1 сағат –1500тг, 2 сағат – 2000 тг, лимитсіз – 3500 тг.

Демалыс және мерекелерде: 30 мин –1200 тг, 1 сағат –1700 тг, 2 сағат – 2500 тг, лимитсіз –4000 тг.


Ережелер:

• Батут аренаға 5 жасқа дейінгі балаларға баруға тыйым салынады.

• Кешенге кіру кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

• Әрбір адам өзінің іс-әрекеті үшін өзі толық жауапкершілікті қабылдайтынын растайтын қолхатты толтырады.

• Батуттарға кірер алдында келушілер міндетті түрде бұлшық еттердің қызуына жаттығу жасайды.

• 1 батутта тек 1 адам болуы мүмкін.

• Бір уақытта «GRAVITY» аумағында 100-ден көп адам болмауы керек.

Мекенжайы: Тәуке хан даңғылы 330.


3. Мұз сарайы

Ең танымал әрі қызықты демалыстың бірі – конькимен сырғанау. Конькимен жақсы сырғанай алмайтындар үшін оны үйрену ешқашан кеш емес. Ал Шымкент қаласындағы «Мұз Сарайы» уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге және қысқы ләззатты сезінуге ыңғайлы орын.


Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-сенбі аралығында 19:00-ден 23:00-ге дейін; жексенбіде 11:00-ден 00:00-ге дейін.

Балаларға арналған кіру бағасы: өз конькилерімен – 500 теңге, жалға алынатын конькимен — 700 теңге.

Айта кетейік, бұл орталық көктемнің соңғы күніне дейін жұмыс істейді. Ал, жазда уақытша жабылады.

Мекенжайы: Желтоқсан көшесі 15/2

Байланыс телефондары: 7 7252 30 03 98, +7 777 260 76 07


4. Төңкерілген үй – жаңа Арбаттағы ерекше орын

Бұл екі қабатты үй, бірақ ол төңкеріліп тұрады, яғни үйдің іргетасы – шатыры. Үйге кірген адам төңкерілген әлемге еніп кеткендей әсер алады. Бұл балалар үшін өте қызықты болары анық.


Мекенжайы: Республика даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысы, жаңа Арбат

Кіру бағасы: 1500 теңге.

Байланыс телефоны: +7 707 819 70 83


5. Relax Kids

Бұл жерде балалар дәмханасы және үлкен ойын кешені бар. Бір сөзбен айтқанда – отбасылық демалыс үшін тамаша орын, балалар ойнайды, ата-аналар дәмді аспен тамақтанады және өз демалыстарын көңілді өткізеді. Сондай-ақ, мұнда 2-ден 10 жасқа дейінгі балаларға арналған лабиринт, бөбекжай, PS, cinema room бөлмелері және үлкен жастағы балаларға арналған түрлі үстел ойындары да бар.


Мекенжайы: Усман Азим көшесі,158

Жұмыс уақыты: 11:00-00:00

Байланыс телефоны: +7 700 110 60 60


6. MINICITY

Бұл орын балаларымен бірге көңілді уақыт өткізгісі келетін отбасылар үшін өте қолайлы орын. 6 айдан 12 жасқа дейінгі балаларға арналған шағын қалашықта әрбір бала шығармашылық әлеуетін іске асырады: дәрігер жұмыс істейді, үздік шаштараз стилист ретінде сәнді шаш жасайды, ал біреулері сатып алушы ретінде дүкенде жүреді және т.б. Сондай-ақ, мұнда балалар бір-бірімен сөйлеседі, көптеген рөлдік ойыншықтармен ойнайды, түрлі аймақтарда серуендей алады.


Мекен-жайы: Shymkent Plaza, 4-қабат

Жұмыс уақыты: 10:00 ден 22:00 дейін

Кіру: демалыс күндері: 10:00 ден 14:00 дейін 1 сағат — 1200 тг; 30 минут – 600 тг; 14:00 ден 22:00 дейін 1 сағат –1600 тг; 30 минут – 1000 тг; жұмыс күндері : 1 сағат — 1400 тг; 30 минут — 800 тг.

Байланыс телефоны: +7 707 557 31 73


7. Ғажайыптар паркі – «ҒажайыпLand»

Ғажайыптар паркінде әрбір заттан таңданыс сезінуге, 3D суреттер аясында суретке түсуге, ғылыми шоулар бақылауға, лазерлік лабиринттен достарды іздеуге, жалпы көңіл-күйді көтеруге болады. Бұл жерге тек балалар ғана кірмейді, жас шектеуі жоқ.


Мекен-жайы: Қонаев бульвары 6

Жұмыс уақыты: 12:00-ден 00:00-ге дейін

Кіру: демалыс күндері: 3 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға – 2000 тг, 12 жастан асқан балаларға – 3000 тг; жұмыс күндері: 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға –1500 тг, 12 жастан асқан балаларға – 2500 тг. Сондай-ақ, 3 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Байланыс телефондары: +7 775 625 05 84


8. Funky Town

Балаларға арналған бұл орында: аттракциондар, лабиринт, карусель, автодром, секіретін көліктер, ойын автоматтары – алаңсыз балалық шақтың атмосферасымен қамтылған.


Мекен-жайы: Фиркан CITY сауда орталығы 0 қабат, Shymkent Plaza 3 қабат

Жұмыс уақыты: 10:00 ден 00:00-ге дейін

Кіру: 3500 теңгеден

Байланыс телефондары: +7 778 161 05 09


9. «Ла ла Лэнд» — балалар әлемі

«Балалар бақытының орталығы» деп аталатын жерде ойын алаңдары (лабиринт, құрғақ бассейн, төбешіктер, батут, аэрохоккей, карусельдер, көліктер және т.б.), мейрамханалар бар және көңілді байқаулар мен ойындар жиі өткізіледі.


Сондай-ақ, осы жерде балалар мерекелерін, туған күндерін ұйымдастыруға болады.

Мекен жайы: Шаяхметов көшесі 73/1

Жұмыс уақыты: 10:00 ден 22:00-ге дейін

Кіру: 1 сағат — 700 тг, лимитсіз — 1000 тг.

Байланыс телефоны: +7 777 222 63 46


10. Қиял әлемі

Шымкенттегі демалысты өткізуге, кешкі серуенге, ойын-сауыққа және балаларды қыдыртуға арналған ең танымал орындардың бірі - «Қиял әлемі» технопаркі. Бұл орынның құрылғанына осы жылы 20 жыл болады.


Технопарктің жалпы ауданы 5 га құрайды. Ішінде ойын-сауыққа арналған «Пират», «Жабайы поезд», «Балға», «Тарзан», «Бәйтерек», «Лабиринт», «Маугли», «Джампинг», «Ниагара» атты аймақтары бар.

Сондай-ақ, субұрқақтар, әртүрлі аттракциондар, роликпен сырғанау, караокемен ән айту, 7D форматындағы фильмді көру мүмкіндігі қарастырылған парк отбасылық демалыс үшін сөзсіз тамаша орын.

Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қазақстандағы туристер ең көп баратын орындар қайсы?


Турагенттік арқылы саяхаттағыңыз келсе мыналарды білуіңіз керек