УКРАИНАНЫҢ ЖЕТІ ЖАУҺАРЫ: Туристер бұл орындарға бір БАРМАЙ КЕТПЕЙДІ!

0
2 647

Бұл орындардар өзге елдердегі туристік жерлерден айнымайды.


УКРАИНАНЫҢ ЖЕТІ ЖАУҺАРЫ: Туристер бұл орындарға бір БАРМАЙ КЕТПЕЙДІ!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген адам ерекше жерлерге саяхаттағысы келетін шығар. Ал, ондай таңғажайып орындар қай елде болмасын табылып жатады. Соның ішінде Украина аумағында Африка, Италия, Нидерланды, Германия, Ұлыбритания немесе басқа да елдердің көрікті орындарына қатты ұқсайтын жерлер бар екен.


1. Одесса облысындағы шағын "ВЕНЕЦИЯ"

Украинаның Одесса облысынан 300 шақырым қашықтықта Румыниямен шекарада кішкентай Вилково қаласы орналасқан. Мұндағы таңқаларлық нәрсе – қалада адамдар көп сияқты көрінеді, бірақ мүлдем аз. Себебі, Вилково – Венеция сияқты судағы қала. Бір ерекшелігі – Вилковоның ауа өте таза және таңғаларлық ландшафттар бар. Сондықтан туристер бұл орынды ерекше бағалайды.



2. Херсон облысындағы "Африка саваннасы"

Жабайы жануар көргенді ұнататын немесе африкалық сафариге құмар адамдар Херсон облысынан 100 шақырым жердегі Каховка ауылының жанында орналасқан Аскания Нова қорығына барса болады. Мұнда жануарлар мен құстардың экзотикалық түрлері бар. Атап айтсақ, фламинго, кран, түйе, зебра, буйвол, бизон, киік сынды жануарларды кездестіре аласыз. Бірақ, қауіпсіздік жайын естен шығармаған дұрыс.



3. Украиналық Карпаттағы альпілік пейзаждар

Көптеген туристер хош иісті өсімдіктерімен, тұнық көлдерімен және өзендерімен ерекшеленетін альпілік тауларды жақсы біледі. Сондай ерекше орындардың бірі – Украинадағы «Карпат тауларымен» жарасып тұрған Синевир көлі. Оның суының тазалығы соншалық, тіпті ең терең жерінің өзінен көлдің түбін көруге болады.



4. Украинадағы Прага


Прага – әлем халқы білетін алып қала. Ал, оған ұқсас қала Украинада да бар. Тіпті, біз айтып отырған Черновцы қаласына келген кейбір туристер өздерін Чехияда жүрміз деп те ойлайды екен. Одан бөлек, Черновцы қаласын украиндық Вена немесе украиндық Париж деп атайтын көрінеді. Ал, қала өзінің кең алаңдарымен, көне көшелерімен, ежелгі ғимаратарымен және таңғажайып сәулетімен көпшілікті таңғалдырады. Егер, осы қалаға саяхаттап бара қалсаңыз, Ольга Кобылянская көшесімен серуендеуді ұмытпаңыз. Себебі, бұрын мұнда ақсүйектер өмір сүрген екен. Тіпті, жергілікті тұрғындар бір кездері бұл көшені раушан гүлдерімен сыпырғанын айтады.

Сонымен бірге, Буковина мен Далматия митрополиттерінің бұрынғы резиденциясында орналасқан Черновцы ұлттық университетіне баруды ұсынамыз. 1864-1882 жылдары салынған Черновцы университеті Сорбонна, Оксфорд немесе Кембридж сияқты әйгілі еуропалық университеттерге өте ұқсас.



5. Хмельницкий облысындағы Ирландияның бір бөлігі

Украинадағы Хмельницкий облысы, Бакота шағын ауылында Ирландияның жап-жасыл әрі жартасты жағалауларына ұқсайтын орын бар. Жартастың шаңына шықсаңыз, Днестрдің таңғажайып көрінісіне куә боласыз. Сондықтан қазір бұл жерді Днестр бойындағы жағалау сызығы деп атайды. Онда ежелгі ғибадатханалардың қалдықтары әлі де бар екен.



6. Украинаның жүрегіндегі голландиялық диірмендер

Черкассы облысы, Звенигород ауданы, Водианики шағын ауылында Нидерландыдағы Киндердейк ауылының пейзажына ұқсас ежелгі жел диірмендері бар. Бұл жерде ежелгі құрылғылармен танысып қана қоймай, қыс мезгілінде шаңғы спортымен айналысуға болады.



7. Тернополь облысы, Плебановка ауылындағы "Шотланд" теміржол көпірі


Украинада Гарри Поттердің Хогвартсқа баратын пойыз жолына арналған көпір де бар. Плебановка ауылында орналасқан бұл жолды 1896 жылы Австрия-Венгрия империясының билік еткен кезінде салынған. 9 аркасы бар биік көпір тау тасынан салынып, бүгінгі күнге дейін бастапқы күйін сақтап тұр.


Міне, бүгінде бүкіл адамзат баласын ерлігімен тәнті етіп отырған Украинаның осындай жауһар жерлері де бар. Саяси қақтығыстар оңынан шешілгесін, бір саяхаттап қайтуға болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Швейцария саяхатшыларды несімен қызықтырады?

Эко-туризм ЕҢ МАҢЫЗДЫ мәселеге айналды! НЕГЕ?