Зираттың ішіне, су астына және әуеде салынған мейрамханалар

0
4 017

Қазіргі уақытта мейрамханалардың иелері келушілерді көбейту үшін тамаша ас мәзірінен басқа, қызықты дүниелерге немесе орналасуына байланысты ерекшеліктерге қатты көңіл бөледі.


Зираттың ішіне, су астына және әуеде салынған мейрамханалар

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Мұндай қонақтарды таң қылған мейрамханалар бүкіл әлем бойынша ашылып жатыр, ал осы мақалада ең ерекше 10 мейрамханамен танысамыз.


Ағаштағы мейрамхана – Окинава, Жапония

«Naha Harbor Diner» мейрамханасы Жапониядағы «Onyama Park» саябағына кіре берісте салынған. Алыстан қарасақ, ол төрт метр биіктікте үлкен баньян ағашының діңгегінде орналасқан, бірақ шын мәнінде бұл бетоннан жасалған жасанды құрылыс. Жоғарыға көтерілу үшін нысан ішіндегі лифтті немесе айналмалы баспалдақты пайдалануға болады.


«Қараңғылықтағы мейрамхана»

Мұндай мейрамхананың ерекшелігі – бөлмелерінде мүлдем жарық жоқ. Бұл дәмді тағамдарды жақсы сезіну үшін жасалған. Сондай-ақ, мейрамханада тыныштық сақтау үшін кез келген жарық беру құралдарын (телефон, сағат, фонариктер) пайдалануға тыйым салынған. Тек даяшыларға тамақты ауыстырып алмау үшін түнгі көру құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, мұндай алғашқы мейрамхана АҚШ-та ашылған, ал қазір олар әлемнің көптеген ірі қалаларында баршылық.


Әуедегі мейрамхана – Брюссель, Бельгия

«Dinner In The Sky» («аспандағы түскі ас») мейрамханасынан тамақтану үшін көтергіш кран көмегімен 50 метр биіктікте орналасқан, 22 адамға арналған ерекше орынға шығу керек. Сондай-ақ, бұл мейрамхананың жалғыз кемшілігі – дәретхана болмауы.


Жанартаудағы мейрамхана – Лансарот аралы, Испания


Ал, нағыз жанартаудың отында пісірілген тағамдардан дәм тату үшін Лансарот аралына бару керек. Онда әскери базаға ұқсас «El Diablo» мейрамханасы орналасқан.


«Мұз құрсанған мейрамхана» – Финляндия

Финляндияда жыл сайын көптеген мұз қалашықтары тұрғызылады, ал ең танымалы – қонақүй мен мейрамханадан тұратын «Lumi Linna Castle» болып табылады. Ондағы мұз қоршауында отырып, үйеңкі қабығының отына пісірілген дәстүрлі лапланд асханасының тағамдарын тұтынуға болады.

Айта кетейік, бұндай мейрамханалар басқа елдерде (Ресей, Эмираттарда) кейіннен пайда бола бастады.


Су астындағы мейрамхана – Мальдив

«Ithaa» су асты мейрамханасы – бес метр тереңдікке салынған, шыны қабырғалары мен шытыры бар керемет құрылыс. Ол мейрамхананың үстелінде отырып, су астындағы тіршілік иелерінің өмірін бақылау өте қызықты.


Занзибар аралындағы мейрамхана

Аталаған аралдағы «Rock» мейрамханасы «Мичанви пингве» жағажайына жақын орналасқан. Мұнда әртүрлі теңіз өнімдерімен тамақтануға, қайықпен серуендеуге немесе құмда қыздырынуға болады.


Зираттағы мейрамхана – Үндістан

Осыдан 40 жыл бұрын Ахмадабад қаласында ескі мұсылман зиратында «New Lucky» мейрамханасы салынған екен. Мұнда келушілерге тегін тоқаш, сүт қосылған шай ұсынылады. Сондай-ақ, мекеменің басқарушысы Кришан есімді адам мейрамханада жасыл түске боялған құлпытастардың тұрағанына ешқандай мән бермейді екен.


Ең биік мейрамхана – Бангкок

Адамдар ең биік орындардан көрінетін ғажайып көріністі тамашалауға көп барғысы келеді екен. Ал, мұндай мүмкіндікті State Tower ғимаратының 63-қабатында орналасқан «Sirocco» атты ашық аспан астындағы мейрамхана ұсынады. Бұл мейрамханадағы теңіз өнімдері, атмосфера мен бай мәзір келушілерге өте керемет әсер сыйлайды.


Шолу дөңгелегіндегі мейрамхана – Сингапур

Дүниежүзі бойынша тек «Singapore Flyer» мейрамханасы ғана шолуға арналған ең үлкен дөңгелекте орналасқан. Ол мейрамханаға барып, Сіз 165 метр биіктікте тамақтана аласыз.


Міне, әлемде осындай қызықты дүниелер бар және жоғарыда аталған ерекше мейрамханалардан басқа да Сізді таң қалдыратын орындар жетерлік. Алайда, олардың ерекше болуы келушілер арасындағы танымалдылығына байланысты.


Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ