​Сәкен Майғазиев сахнадан жылап шығып кетті (видео)

0
3 717

Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын.


​Сәкен Майғазиев сахнадан жылап шығып кетті (видео)

Өскеменде кеш өткізген Сәкен Майғазиевке тыңдармандарының бірі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың көрпесінің қиындысы деп шүберек әкеп иіскетті. Эмоцияға берілген әнші көз жасына ерік беріп, сахнадан шығып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.sn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Шығыс өңірінде өткен концерт кезінде тұрғындардың бірі сахнаға шығып:

Қаншама жылдан бері сақтап келген пайғамбарымыздың көрпесінің қиқымын осы бір қасиетті сахнада Рамазан айында бір көрсетіп, алып кетейін деп алып келдім. Өзіңіз ораза ұстап жүр екенсіз”, – деді.

Сәкен Майғазиев тыңдармандарға пайғамбарымызды түсінде көруді армандап жүргенін айтты.


Иә, сүйікті пайғамбарымыздың көрпешесінің қиындысын ұстап көргендегі әсерімнен әлі шыға алар емеспін. “Үмметім, үмметім” деп, ұлынан бізді биік қойған пайғамбарымызға (с.ғ.с) лайықты үммет бола алмай жүрміз-ау деген ой тыншытар емес. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қатты толқудамын. Алла тағала айлардың сұлтанында иман байлығымызды арттырғай”, – деді ол.