«1000 сауда нүктесі»: Шымкентте конкурсқа құжат қабылдау басталды

0
371

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 4 қазан сағат 09:00-ден 2021 жылғы 15 қазан сағат 18:00-ге дейін.


«1000 сауда нүктесі»: Шымкентте конкурсқа құжат қабылдау басталды

«SHYMKENT» ӘКК» АҚ көше саудасы мен қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдауды бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 4 қазан сағат 09:00-ден 2021 жылғы 15 қазан сағат 18:00-ге дейін.
Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі:
Теріскей шағын ауданы 0,0012га (22-329-008-117);
ӘІО, ауданы 0,0028 га (22-330-050-273);
Құрманбеков көшесі, ауданы 0,0026 га (22-327-064-104);
Гагарин көшесі, «Нәби» дүкенінің жаны, ауданы 0,0020 га (22-327-065-160);
Мангелдин көшесі. мен Октябрь көшесінің. қиылысы, ауданы 0,0006 га (22-327-062-221);
Абай даңғылы, «Антилопа» дүкенінің жаны, ауданы 0,0018 га (22-327-069-107).
Ескертпе:
Кәсіпкер - көше саудасы объектісінің (тез тұрғызылатын, күрделі емес құрылыс немесе жеңіл уақытша конструкция) құрылысын өз бетінше жүзеге асырады; инженерлік инфрақұрылымды жүргізуді дербес жүзеге асырады; көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектісін коммуналдық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті берушілермен дербес шарттар жасасады.
Конкурсқа қатысуға жіберіледі:
1) Шымкент қаласында дара кәсіпкер ретінде тіркелген, кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар;
2) Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар.
Конкурсқа қатысу үшін 10 жұмыс күні ішінде (2021 жылғы 04 қазан сағат 09:00-ден 2021 жылғы 15 қазан сағат 18:00-ге дейін) Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г., 1-қабат, «Заңғар» бизнес-орталығы) келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) өтініш (өтініш нысанын «Shymkent Invest» Фронт-офисінің қызметкерлері ұсынады);
2) өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін заңды тұлғаның басшысына тағайындау туралы бұйрық қажет);
3) қызмет түрлерін ашып көрсете отырып, дара кәсіпкер/заңды тұлға ретінде тіркеу туралы куәліктің/хабарламаның/анықтаманың көшірмесі;
4) сенімхаттың түпнұсқасы не нотариалды куәландырылған көшірмесі (өкіл жүгінген кезде);
5) өтінім берген сәтте салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
6) 1 000 000 (бір миллион) теңгеден кем емес мөлшерде көше саудасы объектісін орнатуға және немесе көрсетілетін қызметтерге және рұқсат беру рәсімдерінен (коммуникацияларға қосылуға) өтуге қажетті ақша қаражатының бар екендігі туралы қызмет көрсетуші банктен анықтама;
7) жобаның Бизнес-жоспары;
8 )лицензияланған жобалау ұйымы әзірлеген көше саудасы және қызмет көрсету объектісінің эскизі (эскиздік жобасы) (көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектісінің қасбеттік бөлігінің дизайны) шарт жасалғанға дейін конкурсты ұйымдастырушымен келісіледі);
9) тауар өндіруші мәртебесінің бар екенін куәландыратын құжат (бар болса);
10) франшизаның болуын растайтын құжат (бар болса).
Комиссия отырыстарын өткізу күні https://openspk.kz / «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланатын болады. Сонымен қатар, Instagram-дағы @shymkent_invest ресми парағындағы «1000 сауда нүктесі» жобасы туралы ақпаратты қадағалауыңызды сұраймыз.
Өтінімдерді қабылдау және кеңес беру мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304/Г, 1-қабат, “Заңғар” бизнес-орталығы (“Shymkent Invest”Фронт-офисі).
Байланыс телефоны: 8 (7252) 39-11-77.