​20 мыңнан астам шымкенттік тұрақты тіркеу рәсімін еgov.kz арқылы тіркеген

0
1 198

Өткен жылы тұрақты тіркеуге онлайн түрде 20 338 шымкенттік тұрса, 1 155 адам egov.kz порталы арқылы уақытша тіркеуге тұрған.


​20 мыңнан астам шымкенттік тұрақты тіркеу рәсімін еgov.kz арқылы тіркеген

20 мыңнан астам шымкенттік тұрақты тіркеу рәсімін еgov.kz арқылы тіркелген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандықтар мекенжай бойынша тұрақты тіркеуге тұру үшін ХҚО-ның онлайн баламасы – egov.kz таңдауда. Былтырғы көрсеткіштерді есепке алатын болсақ, ХҚО арқылы 1,5 млн адам, онлайн түрде 479 мың адам тіркеу рәсімін жүзеге асырған. Сәйкесінше әр төртінші азамат тұрғылықты тіркеу рәсімін электронды түрде жүргізген.

Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш бойынша онлайн түрде мекенжей тіркеуіне тұрушылар саны біршама өскен. Бұл қызметті алу үшін 184 мың адам ХҚО-ға жүгінсе, 63 мың азамат ешқайда бармай-ақ онлайн түрде жүзеге асырған.

Өткен жылы тұрақты тіркеуге онлайн түрде 20 338 шымкенттік тұрса, тағы 1 155 адам egov.kz порталы арқылы уақытша тіркеуге тұрған.

Бүгінде мекенжай тіркеуін жасату үшін тіркеуге қоюшы және тіркелуші тараптың ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Азамат egov.kz-ке тіркелетін мекенжай мен жеке мәліметтерін жазса, баспана иесі оған рұқсатты жеке кабинетіне келген сұрауды мақұлдау арқылы береді.