2024 жылы 43 балабақшаға дабыл батырмасы орнатылады

0
157


2024 жылы 43 балабақшаға дабыл батырмасы орнатылады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Н.Шәмшиеваның мәлімдеуінше балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік мектептерде 100% арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары толығымен орнатылып, Полиция Департаментінің Жедел басқару орталығына қосылып, І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт жасалынған.

Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша қаржы қаралып, турникет, бейнебақылау жүйесі және дабыл батырмасын орнату жоспарланған. Оның ішінде, 34 балабақшаға 1005 дана бейнебақылау камерасы; 44 балабақшаға турникет; 43 балабақшаға дабыл батырмасы орнатылады.
Сонымен қатар, қалада орналасқан 122 жекеменшік мектептің 91-інің (75%) бейне бақылау жүйелері ПД Жедел басқару орталығына қосылған.