500-ге жуық тұрғын жарықсыз қалды: Шымкентте трансформатор өртеніп кетті

0
648

Өрттің шығу себебі анықталуда.


500-ге жуық тұрғын жарықсыз қалды: Шымкентте трансформатор өртеніп кетті

Шымкент қаласында трансформатор толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, 28 маусым күні сағат 15:49-да Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесінде орналасқан жалпы көлемі 50 шаршы метр РП-11 трансформатор толығымен жанған.

“Өрт сағат 16:11-де оқшауланып, 16:26-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Өрттің салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техника АМО 3 қызметкер мен 1 дана техника жұмылдырылды.

Алдын ала болжам бойынша өрт жоғары кернеуден орын алуы мүмкін. Қазіргі таңда ОңтүстікЖарық ЖШС және ТЖ департаиентінің мамандары анықтау жұмыстарын жүргізуде