80 млн: “Шымкент жастар лигасы” жобасы басталды

0
396

Әр спорт түрінен бірінші орынға иеленген жеңімпаз командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлықпен марапатталады.


80 млн: “Шымкент жастар лигасы” жобасы басталды

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шымкент қаласы білім басқармасы және Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент жастар лигасы» жобасы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жоба мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік пен табандылығын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының чемпионаттарына команда жасақтау мақсатында ұйымдастырылып келеді.
«Шымкент жастар лигасы» жобасының екінші кезеңіне жалпы білім беру мекемелерінен (футбол, баскетбол, волейбол және шахмат ойындарына) қатысуға Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 26, Еңбекші ауданынан – 35 және Қаратау ауданынан 37 білім ұйымдарынан 507 командадан өтініш түсті. Ойындарды ұйымдастыру үшін 420 денешынықтыру мамандары жұмылдырып, 5 848 оқушы аталған спорт түрлерінен жарыстарға қатысуда.
Жобаға қатысушы командалардың қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы 80 млн теңге қаралып, әр спорт түрінен бірінші орынға иеленген жеңімпаз командаға 20 млн теңге қаржылай сыйлықпен марапатталатын болады.