Аазия ойындарының жеңімпаздары туған жерге оралды

0
434

Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді.


Аазия ойындарының жеңімпаздары туған жерге оралды

Байдарка және каное есуден Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Шымкент әуежайынан спортшылардың ата-анасы, спорт мектебі басшылары, жанкүйерлері сән-салтанатпен күтіп алды.

Іс-шарада қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев, қалалық ескек есу және су спорт түрлері федерациясының президенті Нұрғазы Бұхарбаев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы бәсекелерде сәттілік тіледі.
Ескек есуден ағайынды Емельяновтар әрдайым жоғары жетістіктер көрсетіп келеді. Олар кезекті рет Азия ойындарында өздерінің мықты екендіктерін дәлелдеді. Биыл жастар арасында әлем чемпионы атанған Руфина Искакова ересектер арасындағы сайыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Алда тағы да жарыс жолына шығатын спортшыларымыз бар, – деді Б.Тұманбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапында Сергей Емельянов 500 метрге каноэде есуден алтын медаль, Сергей және Тимофей Емельяновтар жұптық жарыстың 1000 м бағдарламасында күміс жүлде, ал байдарка мен каноэде есуден жастар арасында әлем чемпионатының жеңімпазы болған Руфина Искакова Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.