"Абай күні": Шымкентте жастар арасында викторина ұйымдастырылды

0
1 381

Сұрақ-жауап айдарына қатысқан жастарға арнайы Абайдың өлеңдер жинағы, қара сөздер кітабы, қыздарға арналған қазақи әшекейлер табысталды.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында 10 тамыз «Абай күнін» тойлауға арналған қала көшелерінде жастар арасында викториналық сұрақ-жауап айдары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараның мақсаты Абайдың өмірі мен шығармашылығын келер ұрпаққа қалдырған өсиетін жастардың ой санасына сіңіру. Абай өлеңдерінен, қара сөздерінен нәр жинап, тәлім - тәрбие алуға бағытталады.
Сұрақ-жауап айдарына қатысқан жастарға арнайы Абайдың өлеңдер жинағы, қара сөздер кітабы, қыздарға арналған қазақи әшекейлер табысталды.