«Абайлаңыз – балалар!»: Шымкентте оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

0
862

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


«Абайлаңыз – балалар!»: Шымкентте оқушылар жолда жүру ережесімен танысты

Шымкент қаласында «Абайлаңыз – балалар!» іс-шарасы аясында оқушылар жол ережесін жетік меңгеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атап айтар болсақ, Шымкент қаласындағы №132 жалпы білім беретін мектебінде «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында 1-7 сынып оқушыларына Қаратау АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Б.Абдраманов түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының алдын-алу.

Сонымен қоса, іс-шара аясында Қаратау АПБ ЖПҚБ Ювеналды полиция бөлімінің инспекторы №135 жалпы орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында арнайы лекциялар оқып, сауалнама жүргізді. Сонымен қоса, «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушыларына Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция тобының инспекторлары «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында инспекторлар оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы және оқушыларға бағдаршамнан өту, жолда жүру ережелерін толық түсіндірді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында жоғарғы сынып оқушыларына, жасөспірімдерге, студенттерге, ата-аналарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдарын жеткізу және жаңа психоактивті заттардың таралуының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда.

Осы орайда, Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мамандары бірлесіп, №55 мектептің жоғарғы сынып оқушыларына құқықтық сауаттылықты арттыру және есірткі заттарын тұтынудың зияндығы жөнінде арнайы сабақтар өткізді. Сабақ барысында оқушыларға зиянды әдеттердің қауіптілігі ескертіліп, олардан аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.