Әйтенов құрылыс мәдениетін сақтау керектігін айтты

0
466

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.


Әйтенов құрылыс мәдениетін сақтау керектігін айтты

Шымкент қаласының Мұрат Әйтенов: кәріз жүйелерін жүргізуде құрылыс мәдениетін сақтау керектігін тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір қалада 8 елдімекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Канализациялық құбырлар Мирас-Шапағат-2, Асар-2, Тассай, Тұран, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық елдімекендеріне тартылуда.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран шағынауданының кәріз коллекторының құрылысымен танысып, жұмыс қарқынын қадағалады. Жоба бойынша коллектордың жалпы ұзындығы - 20 шақырым. Нысан толық аяқталғанда 131 800 абонент орталықтандырылған жүйе арқылы су бұруға мүмкіндік алады. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында аяқталып, қолданысқа берілетін болады.

Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.

Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, аталған кәріз коллекторының құрылысын өндірістік кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ құрылыс мәдениетін сақтай отырып, тұрғындар тарапынан наразылық тудырмай қазылған орындарды дер кезінде қайта қалпына келтіруді ескертті.
Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада 6 елді мекенде кәрізбен қамту жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық адам желіге қосылуға мүмкіндік алады. Осылайша биыл мегаполисте канализациялық желімен қамту көрсеткіші 60% - дан 65% - ға дейін артады. Келесі жылы кәріз құбырларын 12 нысанда жүргізу жоспарлануда. Ал 2025 жылы 10 нысанның құрылысы аяқталып, елдімекендердің 75% -на канализация жүйесі тартылады.

Еске сала кетсек, Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 69% аяқталған. Жалпы 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылған нысанның құрылыс жұмыстары толығымен 2024 жылы аяқталатын болады.

Еске сала кетсек, жуырда Шымкент қаласының Бас жоспары қабылған болатын. 2035 жылға қарай қала халқы 1 млн 800 мың адамға жетеді деген жоспар бар. Бас жоспардағы негізгі басымдық – тұрғындарға жайлы ортаны қалыптастыру. Құжатта жол, логистика, кәріз жүйесі, инфрақұрылыммен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралған.