«Ақ кимешек - 2021»: Шымкентте ақ жаулықты аналар арасында байқау өтті

0
423

Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.


«Ақ кимешек - 2021»: Шымкентте ақ жаулықты аналар арасында байқау өтті

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аналар қауымының арасында «Ақ кимешек - 2021» байқауы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының негіздерінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу және рухани тәрбие жұмыстарын атқаруда ардагерлердің қоғамдағы орны мен рөлін көтеру, жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеуге бағытталған.
Байқау барысында ауданның ақ жаулықты аналары ережеге сәйкес түрлі кезеңдер бойынша өз бақтарын сынады. Іс-шара соңында қатысушылар жүлделі орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.
Іс-шараға ауданның зиялы қауым өкілдері, ардагерлер және жергілікті тұрғындар қатысты.