Ақшадан тарыққан шымкенттік медициналық бетперде сатамын деп айыппұл төлейтін болды

0
892

Он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, әкімшілік айыппұл салынды.​


Ақшадан тарыққан шымкенттік медициналық бетперде сатамын деп айыппұл төлейтін болды

иллюстрациялық фото

Түнгі клубтың алдында медициналық бетперде сатқан шымкенттік заң алдында жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының тұрғыны Е.Д. "Мотор" түнгі клубының алдында 500 дана медициналық бетперде сатқан. Құқық бұзушы әр маскіні 100 теңгеге бағалап жалпы 50 000 теңгеге сауда жасаған.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өткен сот отырысында құқық бұзушы Е.Д. өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетіндігін айтқан. Ақшадан тарығып жүрген кезінде бейтаныс біреу хабарласып медициналық бетпердені сатып беруін сұрағанын растап, соттан қатаң жазаламауды өтінді.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 22.04.2020 жылғы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Е.Д. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 39 765 теңге әкімшілік айыппұл салынды.