Әл Фараби ауданы әкімі: "Жалақым – 380 мың теңге"

0
642

Бұл туралы аудан басшысының өзі «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында өткен сұқбатында мәлімдеді.


Әл Фараби ауданы әкімі:

Әл Фабари ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың жалақысы – 450 мың теңге, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы аудан басшысының өзі «Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында өткен сұқбатында мәлімдеді.

- Жалақым – 380 мың теңге, қолыма тиетіні 300 мың болса, факторлық-баллдық шкала жүйесі бойынша 50 пайыздай қосылады. Шамамен 450 мың теңге. Басқа табыс көзі жоқ. Үш балам бар Құдайға шүкір,- дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Әкімдікке негізінен, тұрғын үй мәселесі мен көпбалалы отбасылардың мұқтаждығына қатысты арыз-шағымдар жиі түседі екен. Ауданда бүгінде 5 мыңнан астам жанұя көпбалалы, 10 мыңнан астамы тұрмысы төмендер санатында екен.

«Жемқорлық бізге жат» акциясы аясында мекемелердің бірінші басшылары жалақыларын жариялап, парақорлықты болдырмау үшін жасаған жұмыстарына есеп береді. Жоба жетекшілері өзінің ай сайынғы айлығын айтқысы келмей, сұқбатқа келіспейтін шенеуніктердің көп екенін жасырын емес.

- Осыған дейін 11 басшы өзінің жалақысын жариялады. Арасында жалақысын жариялағысы келмегендер шығып жатыр. Есесіне мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары бізге еңбекақымызды жариялайық деген бастамамен шығып жатыр. Алдағы уақытта акцияны жалғастыра береміз, - дейді «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Қамбар Жани.