Әлем чемпионаты: Шымкенттік спортшылар 30-ға жуық медаль жеңіп алды

0
546

Оның ішінде 15 алтын, 7 күміс және 1 қола.


Әлем чемпионаты: Шымкенттік спортшылар 30-ға жуық медаль жеңіп алды

Шымкенттік спортшылар Әлем чемпионатында 23 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Алматы қаласында 21-29 мамыр аралығында экипировкамен және классикалық жатып сығымдаудан барлық жас ерекшеліктері бойынша пауэрлифтингтен Әлем Чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарысқа әлемнің 29 елінен 580-ге жуық спортшы қатысты. Осы чемпионатқа Шымкент қаласынан 20 спортшы бақ сынап, құрама команда 23 медаль, оның ішінде 15 алтын, 7 күміс және 1 қола медальді жеңіп алды.
Жеңімпаз атанған спортшылар:
- Шаукатов Данияр 83 келі салмақ дәрежесінде ересектер арасында 1 орын (классика);
- Акмурзаев Элдор 66 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);
- Расулов Мансур 83 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
- Кувалдин Иван 59 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
- Орынбасаров Бақдәулет +120 салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (классика);
- Аманов Бунед +120 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 1 орын (классика);
- Каримова Амина 63 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (классика);
- Юнусалиева Ширин 69 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка);
- Орынбасаров Бақдәулет +120 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 1 орын (экипировка);
- Хан Ксения 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (классика);
- Абдураимова Азиза 84 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);
- Шамуратов Фуркат 59 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка);
- Юртанова Яна 76 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (экипировка жастар арасында);
- Каримбеков Руслан 53 келі салмақ дәрежесінде 1 орын (жастар арасында);
- Каримова Амина 57 келі салмақ дәрежесінде қыздар арасында 1 орын (экипировка).
Күміс жүлдеге қол жеткізген спортшылар:
- Хан Ксения 2 орын (экипировка);
- Кошкаров Айдар 120+ келі салмақ дәрежесінде 2 орын (экипировка);
- Жарменов Тимур 66 келі салмақ дәрежесінде 2 орын (классика)
- Олейников Егор 93 келі салмақ дәрежесінде жасөспрімдер арасында 2 орын (классика);
- Якушева Вероника 63 келі дәрежесінде қыздар арасында 2 орын иеленді (классика);
- Нуриддинова Диана 57 келі салмақ дәрежесінде жастар арасында 2 орын (экипировка);
- Октамов Абдулазиз 105 келі салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында 2 орынды (экипировка) иеленді.
Ал, Кошкаров Айдар қола жүлдеге ие болды.