Алғыс айту күні: Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

0
629

Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков ардагерлерді мерекемен құттықтап, көп жылғы атқарған еңбектері үшін алғыс білдірді.


Алғыс айту күні: Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы "Қоғамдық келісім" мекемесінің ұйымдастыруымен 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығын көп жылдар басқарған, бүгінде зейнеткер Құрманбаева Тұрсынкүл Лесбекқызы мен "Халықтар Достығы Үйінің" директоры қызметін атқарған білікті басшы, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған Маямеров Лесбай Құдайсүгірұлын мекеме қызметкерлерімен бірге корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.Пак, "Ассамблея жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков мерекемен құттықтап, көп жылғы атқарған еңбектері үшін алғыс білдірді.