«Алтын күз»: Шымкентте жастар арасында би байқауы өтті

0
714

Аталған байқауға қаламыздың мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.


«Алтын күз»: Шымкентте жастар арасында би байқауы өтті

Шымкент қаласында жастар арасында спорттық-бал бағытындағы би түрлерінен «Алтын күз» балл байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқауға қаламыздың мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Қатысушылар баяу вальс, вен вальсы, полька, ча-ча-ча, румба, танго, джайв, пасодобль би түрлері бойынша өнер көрсетіп, көрермен жүрегіне жол тапты.
Бүгінгі жарыс нағыз тасыған энергияны, жалынды серпінді, арқалаған өнерді паш ететін жастардың тоғысқан мекені, күз берекесі би мерекеге айналды.
Би байқауында жүйріктер анықталып, жүлделі орындар мен ақшалай сертификаттар берілді. Барлық қатысушыларға және жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.