«Анаға хат»: Шымкентте шығармашылық байқау өткізіліп жатыр

0
499

Жобаның мақсаты – ана мен баланың арасындағы махаббаттың өлшемін дәріптеу.


«Анаға хат»: Шымкентте шығармашылық байқау өткізіліп жатыр

Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының қолдауымен «Анаға хат» шығармашылық байқауы өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты – ана мен баланың арасындағы махаббаттың өлшемін дәріптеп, негізін насихаттау, баланың анасына деген айтып жеткізе алмайтын алғысын көрсету, алшақтықты жақындату, сағыну, ата-анасы алдындағы парызын терең сезіне білуі арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлықтау т.б. жүректен шыққан сезімін ақ қағазға түсіріп ойымен бөлісу.
Байқау шартты бойынша, белгіленген электронды поштаға келіп түскен шығарма хаттарын қазылар алқасы талқылап, осы айдың ішінде жеңімпаздарды анықтау үшін отырыс ұйымдастырылатын болады.
Айта кетейік, байқау нәтижесі бойынша жүзден жүйрік атанған жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтетін болады.