«Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы»: Шымкентте аналар байқауы өтті

0
769

Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес, 4 кезең бойынша сынға түсті.


«Аналар – дәстүрімнің бал қаймағы»: Шымкентте аналар байқауы өтті

Бүгін Шымкент қаласы Қаратау аудандық ардегерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Аналар –дәстүрімнің бал қаймағы» атты аудандық аналар байқауы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазіргі қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Рақымберді Жанысбекұлы өнерлі аналарға сәттілік тіледі.
Ұлттық құндылық – халқымыздың басты байлығы. Оны өскелең ұрпақ санасына сіңіру – сіз бен біздің басты парызымыз. Оның ішінде, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын насихаттау міндетіміз. Қазіргі қоғамда нағыз қазақ анасының бейнесін қалыптастыру, қазақ қыздарына ұлт құндылықтарын дәріптеу арқылы біз өз құндылықтарымызды өркендетуге үлес қоса аламыз, - деді аудан әкімі.
Байқауға қатысушылар ережеге сәйкес, 4 кезең бойынша сынға түсті. Барлық қатысушы аналар арнайы номинациялармен марапатталып, аудан әкімінің сыйлықтарын иемденді.
Сайыс қорытындысы бойынша «Парасатты Ана» номинациясымен – Талиға Төлепова, «Асыл Ана» номинациясымен - Зерхан Нұрымова, «Ақ Ана» номинациясымен - Ақмарал Жұмабаева марапатталса, «Дана Ана» номинациясының иегері атанған Болсынай Исмаилова байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.