​АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ: тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған

0
229

Порталдағы кезектілік ашық түрде жүргізіледі.


​АШЫҚ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ: тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған

Қазіргі таңда тұрғын үй саласына қатысты мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асырылады.

Порталдағы кезектілік ашық түрде жүргізіледі. Кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы, кезектің жылжу реттілігі, сондай-ақ ашық бюджет ақпараттары кез-келген қызмет алушыға қолжетімді.

Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен үй бөлінген және кезекте тіркелген азаматтардың тізімдері басқарманың ресми сайтындағы құжаттар бөлмінде жариялануда.
Сондай-ақ бұл тізімдер «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» қалалық қоғамдық-саяси газеттерінде жариялануда. Автоматандырылған жүйе заң бұзушылықты алдын алып, баспанамен қамту мәселесін Заңға сәйкес шешуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетсек, 2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында - 364 пәтер құрылысы жүргізілуде, аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады. Жалпы, шымкент қаласында баспана мәселесі кезең-кезеңімен жоспарлы түрде іске оңтайлы шешіліп келеді.

Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек.