​АСҚАҚТАЙ БЕР АРУ АСТАНА! - Шымкенттіктер Астана күнін тойлады

0
228


​АСҚАҚТАЙ БЕР АРУ АСТАНА! - Шымкенттіктер Астана күнін тойлады

Бүгін Астана күні мерекесіне орай Шымкент төрінде мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Астана - ұлы дала Елордасы» атты мерекелік кешті тамашалауға келген жұртшылық Арбатта шырқалған әсем әндерді тербеле тыңдады.
Астана - еліміздің мақтанышы, ел жүрегі, әрі бойтұмары. Күннен күнге көріктене, заманауи жасампаздықпен дамып келе жатқан елорданы ән мен жырға қосқан шымкенттік "Қазына" би ансамблі, қазақ халық аспаптар оркестрі, филармония және әзіл сықақ театрының өнер ұжымы, сонымен қатар өзге де бір топ шығармашылық өнер жұлдыздары сахнада ән мен биден шашу шашып, көрермен қошеметіне бөленді.
Бүгінгі мерекелік көңіл-күй шымкенттіктер мен қала қонақтарын қуанышқа кенелтті.