Астана күніне орай Шымкентте балаларға арналған алаңшалар ашылды

0
349

​ТҰРАН АУДАНЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ


Астана күніне орай Шымкентте балаларға арналған алаңшалар ашылды

Астана күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында балаларға арналған ойын алаңшалары беріліп, тұрғындардың кезекті мәселелері шешімін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Балалар алаңшаларының үшеуі Тұран ауданында ашылды. Құрылыс жұмыстары бір ай көлемінде жүргізіліп, пайдалауға берілді. Бұған дейін қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын.
Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды.
Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді.

Бұған дейін қала күніне орай Шымкент қалалық Тұран ауданына қарасты Мангельдин көшесінің №40 тұрғын үй ауласында балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілген болатын. Тұран ауданында биыл 13 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған.

Тағы бір алаңша Шымкент қаласының Еңбекші ауданында, 11-шағын ауданда “Астана күні” мерекесіне орай балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды.
“Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Еңбекші ауданынан қарасты Ш.Уәлиханов көшесі №188 Б көпқабатты тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылды.
Шағын аудан тұрғындары балалармен бірге қуанышқа бөленді.
Биыл Еңбекші ауданы аумағында 29 балалар ойын алаңшасы, сонымен қатар 7 кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылуда.