«Ата заңым-айбыным»: Шымкентте пікірсайыс өтті

0
866

Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды.


«Ата заңым-айбыным»: Шымкентте пікірсайыс өтті

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 жылдығына орай, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен жастар арасында «Ата заңым-айбыным» атты пікірсайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған пікірсайыстың мақсаты - азаматтық жауапкершілігі зор, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру. Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен ролін арттыру. Жастар мен қоғам белсенділері арасында пікірсайыс алаңын құру.

Жастар ресурстық орталығының қолдауымен өткен пікірсайыста Қазақстан Республикасының Конституциясының әр бөлімдеріне жеке тоқталып және Қазақстан жастарының басты проблемасы, жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну жолдары тақырыпқа негіз болды.

Пікірсайыс барысында билік тармақтарының өкілеттігінен бастап, азаматтардың құқығын қорғауға дейінгі барлық мәселелер және жастар саясаты жөнінде тұшымды ойлар айтылды. Сондай-ақ, дебат соңында ойыншылар барша көрермен жастарды елдің саяси өміріне белсене араласып, азаматтық қоғамы бар тиімді әрі өркениетті мемлекет құруға өз үлестерін қосуға шақырды.

Айта кетейік, ҚР Конституция күніне орай, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і және М.Әуезов атындағы ОҚУ жастар орталығының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың конституциясы – құқық үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Мағжан Исахов, Шымкент қалалық прокуратурасының 3 басқарма бастығының орынбасары Батыр Ергешов, Шымкент қаласы Полиция департаменті кадр саясаты басқармасы бөлімше бастығы полиция подполковнигі Қанат Сапарбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы кадр саясаты бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Бағлан Мырзабаев және қаламыздың белсенді жастары қатысты.