«Балаларға базарлық»: Шымкентте азаматтар эстафета жолдап игі іс жасады

0
2 389

«Балаларға базарлық» қайырымдылық акциясы аясында келіп түскен кітаптар көпбалалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға тарту етіледі.


«Балаларға базарлық»: Шымкентте азаматтар эстафета жолдап игі іс жасады

Шымкентте «KITAP FEST» республикалық фестивалі аяcында «Балаларға базарлық» эстафетасы бастау алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Эстафетаны блогер, ерікті Олжас Мамыр бастап, басқа да қаланың белсенді азаматтарына жолдады.

- Жалпы қайрымды істі өте жақсы көремін. Осы уақытқа дейін біршама іске кіріскен едік. Енді балаларға кітап тарту жасау бүгін бұйырды. “Foliant” баспасынан 10 кітап алып, фестивалдағы “балаларға базарлық” сандығына салдым.

Балаларға қуаныш сыйлау үшін, осыны эстафета ретінде жолдайын деп шештім. Жалпы базарлықты Талғат Балтабаев, Бекен Қоныс, Арай Есенбек және Дастан Асқарұлыдарына жолдаймын. Нағыз өз ісінің мамандарына айналған ағаларымның осы істі жалғауына сенемін, - деп жазды Олжас Мамаыр өзінің жеке парақшасыда.


Эстафетаны қабыл алған Т.Балтабаев, Б.Қоныс, Д.Асқарұлы сынды азаматтар да өз кезегінде қолында бар кітаптарын «Балаларға базарлық» қорына тарту еттіп, өзге де азамматтарға жолдады.

«Балаларға базарлық» қайырымдылық акциясы аясында келіп түскен кітаптар көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға тарту етіледі.

Айта кетейік, республикалық «Kitap Fest» фестивалі Шымкент қаласында алғаш рет «Көрме» орталығында өтіп жатыр. Фестиваль аясында түрлі баспалардың кітаптары сатылып, ақын-жазушылармен кездесулер өтті.

Тұңғыш Президент күніне орай бастау алған іс-шара 5 желтоқанда аяқталады.