Балта алып ұмтылған: Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары төбелесті тоқтатты

0
667

Аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.


Балта алып ұмтылған: Шымкентте Ұлттық ұлан сарбаздары төбелесті тоқтатты
Шымкент қаласында Ұлттық ұлан сарбаздары төбелесті тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы 6506 әскери бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
9 маусым күні Ұлттық ұланның сарбаздары қызмет атқару барысында Шымкент қаласының "Күн Шығыс" мөлтек ауданында орналасқан көшелердің бойында екі азаматтың жанжалдасып жатқанын байқаған. Орын алған келеңсіз жайттың себебін білейін деген жасақ жақындаған кезде, біреуі екіншісіне қолына балта алып ұмтылған.
"Берілген бағытымыз бойныша қызмет атқарып жүрген едік, екі азаматтың қатты шулап жатқанын байқадық. Жанжал күшейіп, тоқтатып алуға тура келді", - дейді әскери топ бастығы аға лейтенант Оразхан Орынбасар.
Аталмыш оқиға бойынша тәртіп бұзушылар Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді.