«Барыңмен бөліс»: Шымкентте қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

0
537

Аталған шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту.


«Барыңмен бөліс»: Шымкентте қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №3 қиын өмірлік жағдайдағы балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне «Барыңмен бөліс» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту.
Мерекелік концертке Жауқазын би ансамбілі, «Жа-ай» дуэті, Керуен этно ансамблінің дәстүрлі әндер шеруі, «Әдемі» триосы және Африкалық өнерпаз Кристі қатысып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, ҚМДБ Шымкент өкілдігі қала әкімдігімен бірлесе кезекті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Ізгілік акциясы аясында қаланың орталық мешіті – Ақмешітте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығы таратылды.

Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылық айы. Жылдағы дәстүр бойынша қасиетті ай басталғаннан осындай қайырлы істі қолға алып отырмыз. Бүгін Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесе 500 отбасыға ауызашар үшін азық-түлік себеті үлестірілді. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 40 мешітте кәсіпкерлердің қолдауымен тұрғындарға ауызашар ұйымдастырылуда. Осындай ізгі істерде белсенділік танытқан кәсіпкерлер мен мешіт имамдарына алғыс айтамын, - деді қаланың бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов.

Ауызашарға арналған азық-түлік қорабын алған Абай ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Тұрсынай Жұманова қайырымдылық акциясына қолдау білдірген қала әкімдігі мен мешіт имамдарына өз алғысын жеткізді.

– Бүгін алғаш рет мешітке келіп осындай ауызашар жиынтығын алып отырмыз. Рамазан айында халыққа азық-түлік таратуды ұйымдастырған қала әкімдігіне, мешіт имамдары мен жомарт кәсіпкерлерге көп рақмет, - деді көпбалалы ана.

«Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы 5 ауданның орталық мешітінде күн сайын ұйымдастырылып, 500 отбасына азық-түлік жиынтығы таратылып жатыр. Аталеған іс-шара ай соңына дейін жалғасады.