​«Бес әлеуметтік бастама»: Шымкентте шағын несие алғандардың қатары артуда

0
1 796

Президент тапсырмасы бойынша қазіргі таңда Шымкентте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес.


​«Бес әлеуметтік бастама»: Шымкентте шағын несие алғандардың қатары артуда

Бүгінде елімізде кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалып келеді, деп жазады ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Н.Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» шағын және орта бизнеске дем беріп, жаңадан бизнес бастағандарға қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыруды айтқан болатын.

Президент тапсырмасы бойынша қазіргі таңда Шымкентте нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру аясында атқарылып жатқан игі істер аз емес.

Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, шағын кәсіпті дамыту бойынша қалада 2018 жылдың қаңтар айынан бері, яғни жыл басынан қазірге дейін 290 адамға сертификат берілген. Оның ішінде 64 азамат кәсібін дамытып, өркендету үшін 829 млн теңге көлемінде микронесие алған. Оларды атап айтсақ,

  • 11% немесе 7 азамат (ірі мал бордақылау)
  • 47% немесе 30 азамат (қызмет көрсету саласы)
  • 17% немесе 11 азамат (өнеркәсіп)
  • 3% немесе 2 азамат (білім)
  • 20,5% немесе 13 азамат (сауда-саттық)
  • 1,5% немесе 1 азамат (құрылыс).

Еске сала кетсек, Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі «Шағын несие беруді көбейту» деп аталады. Онда өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беріледі.

2018 жылы Елбасы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады.