«BI group»: Шымкентте бүлікшілер құны 7 млн теңгелік "самосвалды" айдап кеткен

0
427

Шымкентте әзірге шығын көлемі 100 миллионға жуықтады


«BI group»: Шымкентте бүлікшілер құны 7 млн теңгелік

Жаппай тәртіпсіздік салдарынан Шымкент қаласында 13 бизнес нысан мен оның мүліктері зардап шеккен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев мәлімдеді.

Шығын көлемі шамамен 100 миллионға жуықтаған. Бірақ интернет желісінің болмауынан, нақты сома шығару әлі де қолжетімсіз болып тұр. Бірнеше күннің ішінде нақтыланады деп күтілуде.

«Республикалық деңгейде комиссия құрылады. Зардап шеккен кәсіпкерлер анықталып үкімет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні айтылатын болады», - деді Нұрлан Қабыштаев.

Дәл бүгінгі ақпарат бойынша қалада жаппай тәртіпсіздік кезінде, «Metro» сауда орталығы толығымен зақымдалған. Сонымен қоса, «BI group-тың» құны 7 миллион болатын «самосвал» техникасы ұрланған.

Сондай-ақ Шымкент қаласы әкімідігінің алдында «T-bus» автобусы толығымен өртеніп кеткен. Шеру кезінде біршама нысандар түрлі деңгейде зақымдалған. Атап айтар болсақ, «Бақыт» СҮ, «Додо пицца», «Тез маркет», және ұялы телефон бұйымдары дүкені, қонақүй заттары, кондитер өнімдері, халық және каспий банктерінің банкоматы, «Актив Ломбард» нысандарына түрлі деңгейде зиян келген.

Айта кетейік, нысандарға келтірілген шығын көлемі әлі де нақтыланып жатыр.