​БІР ӨҢІР - БІР БАҒЫТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

0
1 307

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті 20-тақырыптық бағытта еліміздің әрбір өңірінде республикалық тамыз кеңесін өткізу жоспарланған болатын.


​БІР ӨҢІР - БІР БАҒЫТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Шымкентте «Бір өңір – бір бағыт» принципі негізінде өтіп жатқан Тамыз кеңесі аясында «Білім саласындағы цифрлық технология» тақырыбындағы іс-шара екінші күн жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кеңестің бүгінгі пленарлық сессиясында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттерді жеткізді. Жаңа оқу жылы қарасаңындағы дәстүрлі жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

Секциялық отырыста саланың дамуына ықпал ететін республика көлеміндегі 30-дан астам үздік авторлық жобалардың шеруі мен баяндамалар талқыланды. Жиынға республикамыздың барлық өңірлерінен келген қонақтар, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары, ата-аналар қоғамдастықтарының өкілдері, мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары және қаламыздың үздік педагогтары қатысуда.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен оқу жылының қорытындысын саралап, жаңа оқу жылына қойылатын міндеттерді айқындап берді. Осы ретте білім беру саласын цифрландыру бағытында Президент тапсырған міндеттемелер аясында атқарылып жатқан жұмыстар барысын Оқу-ағарту Вице-министрі А. Ілиясов баяндады. Сондай-ақ келелі басқосуда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қ. Төлеушин мектептердегі интернеттің жылдамдығын арттыру, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту бағыттарына тоқталды.
Бүгінде автоматтандырылған жүйелер мегаполисте білім сапасын арттырып, саланы жаңа деңгейге көтеруде септігін тигізуде. Осы бағыттағы арнайы платформалар мен жаңа бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі департаментінің басшысы Д.Ерғарин баяндады.