«Бір үй, бір бірлестік, бір шот»: Шымкентте жаңа жүйеге көшу 96%ды құрады

0
560

Жыл соңына дейін мүліктің меншік иелері бірлестіктерімен жай серіктестіктерді құруды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.


«Бір үй, бір бірлестік, бір шот»: Шымкентте жаңа жүйеге көшу 96%ды құрады

Шымкент қаласында «Бір үй, бір бірлестік, бір шот» қағидаты бойынша жаңа жүйеге көшу 96 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үй саласында өзгерістер енгізілген. Осыған байланысты көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктері институтын немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформа іске асырылуда. Өзгеріске сәйкес, «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін таңдау.
Бүгінде Шымкент қаласында басқару нысанын тіркеуге жататын 1823 тұрғын үй бар. Ал жалпы тіркелгендер саны – 1745.
Оның ішінде:
- мүліктің меншік иелері бірлестіктері (МИБ) – 140;
- жай серіктестік (ЖС) – 1605.
Қала бойынша тіркелген басқару объектілерінің жалпы саны 96 пайызды құрайды.
Жыл соңына дейін мүліктің меншік иелері бірлестіктерімен жай серіктестіктерді құруды 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.