Биыл Шымкентте 10-ға жуық ашық спорт алаңшасы салынады

0
431

34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады.


Биыл Шымкентте 10-ға жуық ашық спорт алаңшасы салынады

Биыл Шымкент қаласында тұрғындардың ұсынысымен 7 ашық спорт алаңшасы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді.
Өткен жылы Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 26 аула абаттандырылып, ойын алаңшалары орнатылды. Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде 34 аулаға жаңадан балалар ойын және спорт алаңшасы орнатылады.
Биыл Қаратау ауданында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген. Осы мақсатта 2023 жылы 7 ашық спорт алаңшасын орнату көзделіп отыр. Оның ішінде, Тұран шағынауданында - 2, Нұртаста - 2, Таскен тұрғын алабында -2, Өтеміс тұрғын алабында – 2 және Шапырашты тұрғын алабына - 1 спорт алаңы салынады.
Спорт алаңдарында жаттығуға арналған Workout элементтерімен бірге, демалушыларға арналған беседка, қоқыс жәшіктері және орындықтар қойылады. Мұндай бастама тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен белсенді айналысуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған.

Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы Шымкент қаласының тұрғындарына аулалар мен көпқабатты үй маңындағы аумақтарды дамытуға және абаттандыруға тікелей араласауына мүмкіндік береді.