Биыл Шымкентте 60-қа жуық көше жарықтандырылады

0
558

Абай ауданында 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады.


Биыл Шымкентте 60-қа жуық көше жарықтандырылады

Биыл Шымкент қаласы Абай ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 54 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы Абай ауданындағы 160 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 12,5 пайызға жетті.
Биылғы жылы көрсеткішті арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 54 көшеге жарықшам орнату жоспарланып отыр. Нәтижесінде көрсетікш 13,6 пайызға жететін болады.
Сонымен қатар, 2024-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 410-ға жететін болады.

Одан бөлек, биыл Шымкент қаласы Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді. Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. 2023 жылы 50 шақырымды құрайтын 74 көше асфальттау жоспарланған. 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылады.

Айта кетейік, 2023 жылы Шымкентте жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2%-ға жеткізу жоспарлануда. Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.