Биыл Шымкентте 80-ге жуық көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды

0
423

Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 1,8 есеге өскен.


Биыл Шымкентте 80-ге жуық көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды

Шымкент қаласында 2021 жылдан бастап көпқабатты үйлер ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда Еңбекші ауданы аумағында ағымдағы жылы аталған жоба 2-кезеңмен іске асырылуда.
І-кезеңде 37 жоба бойынша 52 көпқабатты үй аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 6 балалар ойын алаңшасы орнатылды.
ІІ-кезең бойынша 12 жоба іске асып, 21 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды.
Жалпы Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үй 435 аулаға біріктірілді. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңімен 565 үйдің 373 ауласы көгалдандырылған.
Биылғы жылы бағдарлама аясында 73 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылды. Сонымен қатар жеке секторда 6 кешенді балалар алаңшасы құрылды. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 1,8 есеге өскен.