Биыл Шымкентте әр оқушыға мектеп формасына 35 мың теңгеден беріледі

0
1 033

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы білім алушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес, әлеуметтік жағдайына байланысты міндетті білім қорынан мектеп формасына қаржылай көмек алуға құқылы.


Биыл Шымкентте әр оқушыға мектеп формасына 35 мың теңгеден беріледі

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөден

Шымкент қаласында 55 784 балаға мектеп формасына ақша беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарындағы білім алушылар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының 1 тарауының 1 тармақшасына сәйкес, әлеуметтік жағдайына байланысты міндетті білім қорынан мектеп формасына қаржылай көмек алуға құқылы. Олар:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасы;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасынан шыққан білім алушылар;

- жетім балалар;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, Шымкент қаласында 55 784 балаға формаға қаржы қаралған. Аталған акция аясында әр балаға 35 мың теңгеден беріледі. Құжат тапсыру уақыты 20 тамызға дейін жалғасады.

"Көмекті алу үшін ата-аналар керекті құжаттарды мектептің социологына тапсырады. Мектептің әлеуметтік педагогы керекті құжаттарды жинақтап, сосын ол құжаттарды бізге электронды және директордың қолы мен мөрі қойылған қағаз түрінде өткізеді. Біз сол тізімді бухгалтерияға береміз. Содан кейін бухгалтерия ол мектептің бухгалтериясына ақша жібереді. Оның ішінде міндетті түрде АӘК алатын отбасылар болуы керек. Мысалы көп балалы отбасылар болады, олардың ішінде көп балалы отбасы болғанымен АӘК алмайтындары да болады. Егер көп балалы отбасы АӘК алмайтын болса, оның 2 баласына ғана береді. Себебі олар АӘК алмайды. Ал, АӘК алатын көп балалы отбасы болса, олардың барлығы алуға міндетті", - деді Орта білім беруді және тәрбие жұмыстарын дамыту қосымша білім беру бөлімінің мамандары.


Керекті құжаттар:

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар: (АӘК)

1) жеке куәлік;

2) туу туралы куәлік;

3) АӘК анықтама (2 квартал);

4) Халық банкінен 20 сандық счет.


Аз қамтылған отбасылар:

1) жеке куәлік;

2) туу туралы куәлік;

3) отбасының мәртебесін растайтын құжат;

(көп балалы екенін куәландыратын құжат,неке бұзу туралы куәлік,форма - 4, қайтыс болу туралы куәлік)

4) отбасына кіретін барлық табыс мөлшері (льгот, алимент, ата анасының айлық жалақы мөлшері,қайтыс болған әкесі немесе анасынан берілетін жәрдемақы мөлшері, т.б. табыс мөлшері);

5) Халық банкінен 20 сандық счет.


Төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдем талап ететін отбасы балаларына:

1) жеке куәлік;

2) туу туралы куәлік;

3) төтенше жағдай салдарын дәлелдейтін анықтама;

4) Халық банкінен 20 сандық счет.


Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға:

1) жеке куәлік (заңды өкілі);

2) туу туралы куәлік;

3) қамқоршылыққа тағайындалғаны туралы қаулысы;

4) Халық банкінен 20 сандық счет.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгібілім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің» 597 бұйрығы негізінде Шымкент қаласындағы жекеменшік мектеп бүгінгі таңда жан басына шаққандағы норматив бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыруда, бірақ, жан басына шаққандағы норматив ішінде жеке меншік мектептердің оқушыларына мектеп формасына қаржы қарастырылмаған.