Биыл Шымкентте ипотекалық бағытта 1600-ден аса отбасы баспаналы болады

0
540

Бұл тұрғын үйлер Отбасы банк арқылы тапсырылады.


Биыл Шымкентте ипотекалық бағытта 1600-ден аса отбасы баспаналы болады

Биыл Шымкент қаласы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы саны 2833 пәтер жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 1621 пәтер тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жеңілдетілген несиелік бағытта үлестіріледі. Бұл тұрғын үйлер «2-10-20 Бақытты отбасы» және «5-20-25» несиелік бағдарламалары бойынша Отбасы банк арқылы тапсырылады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасына тұрғын үй кезегіндегі «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ түгедектігі бар азаматтар қатыса алады. Ал, «5-20-25», «Шаңырақ» пилоттық жобасы бағыты бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде кезекке тіркелген кез-келген азаматтың өтінім беру мүмкіндігі бар.
Былтыр Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған 1276 азамат несиелік баспанаға қол жеткізген болатын.