"Біз таза қала үшін" «Eco Sana»: Шымкентте сенбілікке қатысқан белсенді жастар марапатталды

0
326

Жоба нәтижесінің соңында үздік жеңімпаз деп танылған ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында “БІЗ ТАЗА ҚАЛА ҮШІН” «Eco Sana» сенбілік қозғалысының биылғы қорытындылау кезеңі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жобаның мақсаты – жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ең бастысы қоқыс тазалау емес, қоқыс тастамау болатын.

Бір жарым айға созылған сенбілік барысында қаламыздың төрт ауданында көшпелі түрде күл-қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.


Атап айтқанда Абай ауданына қарасты «Ынтымақ» мөлтек ауданында өткен биылғы сенбіліктің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, сенбілікке қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан белсенді жастар қатысып, 2 тонна 450.5 келіге жуық қоқыс шығарылған болатын.

Ал Әл-Фараби ауданы Сәуле мөлтек ауданында өткен сенбілікте 3 тонна 219.5 келіге жуық қоқыс шығарылды, Қаратау ауданы, Таскен елді-мекенінде өткен сенбілікте 8 тонна 426 кг қоқыс шығарылды, ал Еңбекші ауданына қарасты Маятас шағын ауданындағы «Бадам» су қоймасынан 3 тонна 594 кг қоқыс шығарылған болатын. Нәтижесінде жалпы жоба соңын қорытындылай келе 17 мың 690 килограмм қоқыс жиналып шығарылды.

Жоба нәтижесінің соңында үздік жеңімпаз деп танылған ұйымдар мен жастар көшбасшылары арнайы номинациялармен марапатталып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар табысталды.