Бокстан ҚР чемпионатында Шымкенттік спортшылар жеңімпаз атанды

0
2 318

Шымкент қаласының қоржынында 3 медаль бар.


Бокстан ҚР чемпионатында Шымкенттік спортшылар жеңімпаз атанды

17-24 қаңтар аралығында Алматы қаласында бокстан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл сайыста Шымкент қаласының қоржынында 3 медаль бар. 52 келіде Жандос Жұмабаев алтыннан алқа тағынса, 64 келіде Абзал Серік пен 81 келіде Дәурен Мамыр күміс жүлдеге ие болды.

Жарыста Шымкент қаласынан 14 спортшы бақ сынады.