«Болашаққа қадам»: Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

0
492

Аталған шараның мақсаты — жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, жас ұрпақты белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін және қабілеттілігін дамыту.


«Болашаққа қадам»: Шымкентте жастармен семинар-тренинг өткізілді

Бүгін Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» жобасы аясында бітіруші сыныптағы оқушылары арасында коуч-тренерлердің қатысуымен семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты — жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, жас ұрпақты белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін және қабілеттілігін дамыту.
Іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов, педагог-психолог Марал Жұмагелдіқызы, журналист Рахат Арғынбай және №65 мектеп-гимназиясы мен №25 мектеп-гимназиясының бітіруші сынып оқушылары қатысты.
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде жастар туралы «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдардың міндеті – жастардың өзін-өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң ­ бастамаларына қолдау көрсету» деген болатын. Осы мақсатта сіздерді болашақ өмірге дұрыс бағыттау, мамандық таңдауға сәтті қадам жасауларыңызды негізге ала отырып, «Болашаққа қадам» жобасын іске қостық. Бұл жобада – сіздерге кәсіби бағыт-бағдар беруге бағытталатын үлкен көмек болмақ, - деді Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы.
Алдымен оқушыларға мамандық таңдау бағытында коуч-тренерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен кері байланыс орнаты. Коуч-тренерлердің ақпаратымен хабардар оқушылар кәсіптік сала қызметкерлерінің жұмыс процесімен жақын танысу мақсатында, «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорына экскусия жасады. Экскурсия барысында оқушылар кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен, бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтармен жақын танысты.