Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды

0
193

Жұмыс беруші 35 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырылды.


Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 4 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылды

Шымкент қаласы "Еңбек мобильділігі" орталығының ұйымдастыруымен Тұран аудандық "Мансап" орталығында кезекті "Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесі өтті. Шара барысында білім беру, медициналық, техникалық, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі мен "Қазақстан Фридом Финанс" АҚ банкі, "Қазақстан Халық банкі" АҚ мен басқа да қызмет көрсету салалары бойынша 4 мыңнан астам уақытша және тұрақты жұмыс орындары ұсынылды.

Жұмыс беруші 35 мекеме азаматтарды еңбек шарттары және жалақы көлемімен таныстырып, мансап жолын бірге бастауға шақырды.
Сонымен қатар бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қалалық "Жастар Ресурстық" орталығы және " Жастар рухы" ұйымының қолдауымен ұйымдастырылды. Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шара бірінші кезекте жұмыс іздеушілердің мүддесін көздейді. Мақсат - жұмыс берушілерді тарта отырып, жоғары оқу орындары мен колледж түлектерін жұмыспен қамту.
Жалпы, Шымкент қаласы бойынша биыл 57 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Оның ішінде қалалық "Еңбек мобильділігі" орталығы тарапынан 16 мыңнан астам жасты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту көзделген. Қазіргі таңға 13 мыңға жуығы қамтылып отыр.
дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі