«Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры»: Шымкентте 80 отбасыға азық-түлік үлестірілді

0
484

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.


«Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры»: Шымкентте 80 отбасыға азық-түлік үлестірілді

Бүгін Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

Игі шара аясында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлысөз алып, жыл сайын тұрақты түрде қайырымдылық бағытта қызмет етіп жерген Қазақстандағы Кувейт елінің «Бүкіләлемдік Исламдық қайырымдылық қоры» басшылығына алғыс айтып, ризалығын білдірді.
Жалпы, қайырымдылық шарасы барысында көпбалалы, мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі 80 отбасыға «Рамазан қоржыны» себеті үлестірілді.
Үйлестіріп, жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдірі ұйымдастырды.