​Дауылды ескерту: Шымкентте қатты жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін

0
1 927

Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы ескертеді.


​Дауылды ескерту: Шымкентте қатты жаңбыр жауып, жел тұруы мүмкін

Шымкент қабаласында 13 қазанда түнде және таңертең қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы ескертеді.

Солтүстік-батыстан жел соғады, 12 қазанда таңертең және күндіз, 13 қазанда тәулік бойы екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Түнде 12-14 қазанда ауа температурасы 13-15 градустан 4-6 градус жылыға, күндіз 23-25 градустан 9-11 градус жылыға дейін күрт төмендейді.

Қатты жел кезінде халыққа арналған ұсыныстар:

Ауладан және балкондардан үйге (жертөлеге) тұрмыстық заттарды алып тастаңыз, үйіңізге зиян келтіруі мүмкін құрғақ ағаштарды кесіңіз.

Автокөлікті гаражға қойыңыз, гараж болмаған кезде машинаны ағаштардан, сондай-ақ әлсіз нығайтылған құрылымдардан алыс қою керек.

Сыртта жүргенде тұрақсыз ғимараттар мен тұрақсыз шатыры бар үйлерді айналып өтіңіз.

Қауіпті ағаштар мен әртүрлі құрылымдардан аулақ болыңыз (көпірлер, эстакадалар, құбырлар, электр желілері, ықтимал қауіпті өндірістік нысандар).