Денрологиялық саябақ мамандары күзгі тұқым себуге кірісті

0
1 257

Бүгінде 1,5 га тұқымбақ аумағына 80 кг каштан, 85 кг кәдімгі емен, 15 кг моңғол емені тұқымы егілді.​


Денрологиялық саябақ мамандары күзгі тұқым себуге кірісті

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында тұқымбақ аумағында күзгі тұқым себу жұмыстары да атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Саябақтың ғылым, мониторинг және молайту бөлімінің мамандары жиналған тұқымдарды тазалау жұмыстарын орындады. Бүгінде 1,5 га тұқымбақ аумағына 80 кг каштан, 85 кг кәдімгі емен, 15 кг моңғол емені тұқымы егілді. Қазіргі таңда 1,5 кг қара жаңғақ тұқымы егілуде.
Таяуда дендрологиялық саябақта басты қақпаның алдында суғару жұмыстары орындалды. Ал Қошқар ата учаскесінде санитарлық-тазалық жұмыстарынан бөлек, жеңіл конструкциялы қойма құрылысы жүргізілді.