Димаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледі

0
1 275

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 110 түлек аяқтады.


Димаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледі

Димаш Құдайберген NIS түлектеріне ақ жол тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін еліміз бойынша барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды.

Алайда 25 мамыр - мектеппен қоштасу сәтінің бұл жолғы жөні бөлек. Өйткені, түлектер карантин режимін сақтап, ақ бантик тағып, қоштасу вальсін билемеді.

Есесіне олар жүрек тебірентер қимас сәтті көгілдір экран арқылы жеткізді, қашықтан бір –біріне ыстық лебізін білдірді.

Алайда, Димаш Құдайберген биылғы түлектерді құттықтап, видео жолдады. Танымал әнші түлектерге сәт-сапар тілеп, ел болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Ал Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін биыл 110 түлек аяқтады.

«Арманға жетелейсің, аяулы мектебім!» атты соңғы қоңырауға арналған салтанатты шара онлайн форматта өтті.

1 сағатқа жуық дайындалған роликте ән де бар, жыр да бар, оқушылардың ыстық ықыласы мен білім дәнен сепкен, тәлім-тәрбие берген ұстаздарына айтқан алғысы, ыстық ұя мектебінде өткен қайталанбас сәттер де бар.