«Дін мен дәстүр сабақтастығы»: Шымкентте жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

0
675

Аталған шараның мақсаты - қоғамда түрлі кереғар діни ағымдардың алдын алу және еліміздің заңына бағынып, халқымыздың салт-дәстүрін сақтау.


«Дін мен дәстүр сабақтастығы»: Шымкентте жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің Әл-Фараби ауданы мамандарының ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - қоғамда түрлі кереғар діни ағымдардың алдын алу және еліміздің заңына бағынып, халқымыздың салт-дәстүрін сақтау.

Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қыдырәлі Ахметжанұлы және Шымкент қаласы білім басқармасының «Политехникалық» колледжінің студенттері қатысты.