«Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!»: Шымкентте жастардың қатысуымен акция өтті

0
621

Акцияға жалпы саны 100-ге жуық адам қатысты.


«Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!»: Шымкентте жастардың қатысуымен акция өтті

Шымкентте Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Донор бол! Өзгеге өмір сыйла!» акциясы жалғасын табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шара қалалық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен аталған шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.
Қалалық қан орталығына бұл жолы Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері, мәдениет саласының өнерпаздары, спортшылар, мұғалімдер, рухани жаңғыру орталығының мамандары, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, волонтерлер және белсенді жастар, жалпы саны 100-ге жуық адам қан тапсыруға жиналды.
Олардың әрқайсысы 450 граммнан қан тапсырды. Осылайша еріктілер қан құюды қажет ететін науқастарға көмектесті.
Жаңа оқу жылын игі іспен бастауды жөн көріп, жастарды оның ішінде студенттерді донорлық акцияға шақырып отырмыз. Жоғары және арнаулы оқу орындарының шәкірттерімен қатар, 10-ға жуық мекеме қызметкерлері бүгінгі акцияға белсенділік танытуда. Әр үш айда осы игі шара жалғасын табады. Орталығымыздың бірқатар қызметкері донор ретінде қан тапсыруды әдетке айналдырған. Басты мақсат – көмек қолын созу, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.

Акция барысында алдымен қатысушылардың денсаулықтары толық тексеруден өткізіліп, қант мөлшері, гемоглобин көрсеткіші мен түрлі ауру белгілерінің бар-жоғын зертханалық жолмен анықталды. Департаменттің жас мамандары тексеруден толық өтіп, донор болуға мүмкіндік алды.