«Дүйсенбілік футбол»: Шымкентте базар жастарының арасында турнир өткізілді

0
555

Базар жастар лигасына қатысуға Шымкент қаласындағы базарлардан өтінімдер келіп, 60 жастан тұратын 6 команда жасақталды.


«Дүйсенбілік футбол»: Шымкентте базар жастарының арасында турнир өткізілді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен базар жастарының арасында «Дүйсенбілік футбол» жобасы аясында «Базар жастар лигасы» турнирі өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жобаның мақсаты базар жастарын спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.
Базар жастар лигасына қатысуға Шымкент қаласындағы базарлардан өтінімдер келіп, 60 жастан тұратын 6 команда жасақталды. Атап айтқанда Барыс, Тұлпар, Авто-Нұр, Самал, Орталық қырғы және Жібек-жолы базарлары командалары.

Жеңімпаз командаларға қызығушылығын арттыру мақсатында 1- орынға 100 000 теңге, 2 – орынға 60 000, 3 - орынға 30 000 теңге көлемінде демеушілердің қолдауымен қаржылай сыйлықтар табысталады.

Сонымен қатар турнир 2021 жылдың 22 қарашасына дейін 6 базар өзара бекітілген кестеге сәйкес жарысатын болады.